ЕРЖІГІТ ЕРЛІККЕ ТӘН ІС КӨРСЕТТІ

0

Кенен ауылы маңында орналасқан «Ешкілі-Қордай» су қоймасы шомылуға арналмаған орын. Алайда, жаздың аптап ыстығында бір сәт салқын суда жүзуге, демалуға ауыл тұрғындары, тіпті жақын маңдағы көрші ауыл азаматтары келуге құмар-ақ. Бірақ, түбіне жалбыз қаптаған аталмыш су қойма салынғалы бері қаншама жан құрбан болғанын еске түсірудің өзі қиын. Дегенмен де, бұл көп адамға әлі де болса сабақ болмай тұрғаны.

Жақында аталмыш су қоймада тағы бір жазым жағдай орын ала жаздады. Абырой болғанда, өлім-жітім жоқ. Кенен ауылының бір топ жастары суға шомылуға келген. Сол сәтте қатты жел тұрып, су толқындана бастайды. Бұл кезде көлдің арғы бетінде бір отбасы балаларымен серуендеп жүрген еді. Үрлемелі баллондарға жармасқан екі бала желдің күшімен судың ортасына қарай жылжып кете барады. Осыны көріп тұрған ауыл жігіттері сол жағалауға қарай ұмтылады. Жан ұшыра артынан жүгірген балалардың әкесі су кеуде тұсына келгенде аяққа байланған қалың балдырдан ары қарай өте алмай қалады. Осы кезде топ жігіттің ішінен ауыл тұрғыны, 24 жасар Ержігіт Есепбаев суға секіріп, амалын тауып балаларға жетіп, жағалауға алып шығады.
-Қатты соққан желден алдында өзіміз шомыла алмай қалған болатынбыз. Судың арғы жағында жүрген жандарға мән де берген жоқ едік. Мұндай жағдай орын алғанда ойланып тұруға уақыт болған жоқ. Балалардың жанына барсам олар бар күштерімен баллонға асылып алған, аяқтарына балдыр оралып қалыпты. Оларды жағаға қарай алып шығарда тек сумен ғана емес қалың балдырдан да өтуге тура келді. Абырой болғанда, барлығы ойдағыдай аяқталды ,- дейді нағыз ерге тән мінез көрсеткен Ержігіт.
Бұл жағдай бірден ауылға тарап, жас жігіттің ерлігі туралы әңгіме желдей еседі. Өз өмірін қауіпке тіге отырып екі баланы аман алып шыққан Ержігітке ауылдастары аздаған қолдау да көрсетіпті. Ауыл белсендісі Гүлсім Көшкінбаева бас болып, сонымен қатар өзге де азаматтар қостап Ержігіттің жаңадан салынып жатқан үйіне көмек болсын деп қомақты қаржы жинап берген. Оны табыс етуге ауыл имамы Саят Рахимов, ауыл ақсақалы Жамбыл Сатыбалдиев және Гүлсім Көшкінбаева арнайы барып, батырға сыйлығын ұсынып, батасын беріп қайтыпты.
Әрине, бұл мақтауға тұрарлық іс. Бірақ, қауіпсіздік шараларына аса мән беруге шақыруда арнайы органдар. Қазір шомылу маусымының қызған шағы. 1 маусымнан бері елімізде 140 адам суға кеткен, оның 49-ы бала екен. Бұл ай-күннің аманында белгілі болып отырған өте қорқынышты цифрлар. Осыны ескерсек

Leave A Reply

Your email address will not be published.