АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

0

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру туралы бойынша конкурсқа ұсынылатын жер учаскелерінің тізімі

№, лот Жер учаскесінің орналасқан жері Нысаналы мақсаты Жалпы көлемі, га Оның ішінде Жалға беру мерзімі, жыл
Суармалы егістік, га Суарылмайтын егістік, га Жайылым, га Шабындық, га
Жамбыл ауылдық округі аумағындағы «Жігер» мемлекеттік жер қоры
1 «Жігер» мемлекеттік жер қоры Шаруа қожалығын жүргізу үшін немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 19,0   19,0     20 жыл
2 «Жігер» мемлекеттік жер қоры Шаруа қожалығын жүргізу үшін немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 6,9801 6,9801       20 жыл
Қарасу ауылдық округі аумағындағы «Өтеген» мемлекеттік жер қоры
3 «Өтеген» мемлекеттік жер қоры Шаруа қожалығын жүргізу үшін немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 23,3428 23,3428       20 жыл
Степное ауылдық округі аумағындағы «Достық» мемлекеттік жер қоры
4 «Достық» мемлекеттік жер қоры Шаруа қожалығын жүргізу үшін немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 3,7 3,7       20 жыл
Қарасай ауылдық округі аумағындағы «Алмалы» мемлекеттік жер қоры
5 «Алмалы» мемлекеттік жер қоры Шаруа қожалығын жүргізу үшін немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 11,7 11,7       20 жыл
6 «Алмалы» мемлекеттік жер қоры Шаруа қожалығын жүргізу үшін немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 31,0 31,0       20 жыл
Ауқатты ауылдық округі аумағындағы «Трудовик» мемлекеттік жер қоры
7 «Трудовик» мемлекеттік жер қоры Шаруа қожалығын жүргізу үшін немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 11,26     11,26   20 жыл
Масанчи ауылдық округі аумағындағы «Масаншы» мемлекеттік жер қоры
8 «Масаншы» мемлекеттік жер қоры Шаруа қожалығын жүргізу үшін немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 12,8 12,8       20 жыл
9 «Масаншы» мемлекеттік жер қоры Шаруа қожалығын жүргізу үшін немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 15,0657   15,0657     20 жыл
10 «Масаншы» мемлекеттік жер қоры Шаруа қожалығын жүргізу үшін немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 22,0343   22,0343     20 жыл
11 «Масаншы» мемлекеттік жер қоры Шаруа қожалығын жүргізу үшін немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 108,5   88,5   20,0 20 жыл
Cарыбұлақ ауылдық округі аумағындағы «Сарыбұлақ» мемлекеттік жер қоры
12 Қордай ауданы «Сарыбұлақ» жер қоры Шаруа қожалығын жүргізу үшін немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 191,98   191,98     20 жыл
13 Қордай ауданы «Сарыбұлақ» жер қоры Шаруа қожалығын жүргізу үшін немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 45,0   45,0     20 жыл
14 Қордай ауданы «Сарыбұлақ» жер қоры Шаруа қожалығын жүргізу үшін немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 45,0   45,0     20 жыл
Ноғайбай ауылдық округі аумағындағы «Кенен» мемлекеттік жер қоры
15 Қордай ауданы «Ноғайбай» жер қоры Шаруа қожалығын жүргізу үшін немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 54,0     54,0   20 жыл
Бетқайнар ауылдық округі елді мекенінің жері
16 Қордай ауданы Бетқайнар елді мекенінің жері Шаруа қожалығын жүргізу үшін немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 100,0 100,0       20 жыл
17 Қордай ауданы Бетқайнар елді мекенінің жері Шаруа қожалығын жүргізу үшін немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 100,0 100,0       20 жыл
18 Қордай ауданы Бетқайнар елді мекенінің жері Шаруа қожалығын жүргізу үшін немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 83,6413 83,6413       20 жыл

 

Ескерту: Азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды үлесі елу пайыздан асатын шетелдік заңды тұлғалар, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар конкурсқа қатыса алмайды.

Конкурс 2024 жылдың 12 наурызында сағат 10:00 де өткізіледі, құжаттарды қабылдау 2024 жылдың 19 ақпанынан – 11 наурыз аралығында жүргізіледі.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:

1)Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін-заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарлығы капиталдағы (жарғылық капиталдық жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің-заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

2)Жеке тұлғалар үшін-өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер

3) Өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

4)Конкурстық ұсыныс;

5)Өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі:

1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

2) конкурстық ұсыныс.

Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары конкурсты өткізу туралы хабарлама алғаш рет жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң, ал конкурс қайта өткізілген жағдайда – күнтізбелік он бес күн өткен соң конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдауды бастайды.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде, ал конкурс қайта өткізілген жағдайда — он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінім қағаз тасығышта қолма-қол не пошта арқылы немесе «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы өтінімдерді беру мерзімі аяқталғанға дейін беріледі.

«Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы берілген конкурсқа қатысуға арналған өтінім аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына электрондық құжат айналымы арқылы түседі. Конкурсқа қатысуға арналған конкурстық ұсыныс аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін он бес жұмыс күні ішінде қолма-қол енгізіледі, одан кейін өтінім электрондық құжат айналымы жүйесінде тіркеледі.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімде Жер кодексінің 43-1-бабының 9-тармағында көрсетілген мәліметтер қамтылуы тиіс.

Конкурстық ұсыныста:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 7 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19893 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

Конкурстық ұсынысты, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін — қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін — бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.

Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде «шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс» және « жылғы __________»_____ « дейін ашуға болмайды» (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.

Жер кодексінің 43-1-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға арналған өтінімнен бас тартылады.

Қатысушы өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өзінің өтінімін өзгерте немесе кері қайтара алады. Өзгеріс өтінім сияқты дайындалады, мөрленеді және ұсынылады. Мұндай өзгеріс немесе кері қайтару туралы хабарлама, егер оны аудандардың,облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін алған болса, жарамды болып табылады.

Өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні оған өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

Конкурс өткізілуі жөніндегі қосымша ақпараттарды 8-726-36-2-12-74 телефондары арқылы білуге болады.

Конкурска өтінімдерді қабылдау орны: Қордай ауданы, Қордай ауылы, Жібек жолы көшесі  №278, Қордай ауданы әкімдігінің Жер қатынастары бөлімі.

Ұйымдастырушы: «Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ-сі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.