АҒЫЛШЫН ТІЛІН ТЕГІН ҮЙРЕТЕТІН ОРЫН

0

2020 жылдан бастап Қордай аудандық «Тілдерді дамыту орталығы» КММ-і аудан тұрғындарына қазақ тілі және ағылшын тілін үйренуге ниет білдірген азаматтарға курстар жүргізіп келеді.

Тіл үйренушілерге барлық жағдай қарастырылған:

Сіз мемлекеттік мекемеде немесе жеке секторда жұмыс жасасаңыз, бірінші басшымен келісе отырып оқыту уақыты белгіленеді;

Сізге білікті ұстаздар дәріс өтеді және алған біліміңіз бойынша арнайы сертификат беріледі;

Тіл оқыту орталығы ғимаратының өзі Қордай ауылының басты көшесінің бойында орналасқан.

Ағылшын тілін ақысыз түрде үйренгіңіз келсе, 87013331828 байланыс нөміріне немесе «AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалы ғимаратының екінші қабатында орналасқан орталыққа жолықсаңыз болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.