«АҚ ӘЖЕЛЕР» ҚОРДАЙДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ

0

Өткен аптада ауданымызға Алматы облысынан «Ақ әжелер» халықтық фольклорлы-этнографиялық ансамблі келіп, өз өнерін көрсетті. Аты күллі республикаға танымал әжелер ансамблі еліміздің түпкір-түпкірін аралап, ұлттық өнерді дәріптеуге өз үлестерін қосып келеді. Осы жолға сапар Кенен Әзірбаевтың 140 жылдығымен орайластырылып отыр екен.

Ұлттық нақышта оюланған аппақ шағаладай көйлек пен көздің жауын алған әдемі кимешек киген ансабль өкілдері қазақтың фольклорлық өнерімен қоса қолөнерді де дәріптейтін ерекше ұжым. Қордай ауданындағы гастроль барысында олар аудандық Мәдениет үйінде, Кенен ауылдық мәдениет үйінде және Сұлутөр ауылында да концерт қойды. Концертте «Ақ әжелер» ансамблі классикалық және қазақ композиторларының әндерін шырқап, халық әндерін тарту етті. Ал, ансамбль мүшелерінің жеке орындауындағы Абайдың қара сөздері мен домбырамен сүйемелденген жыр-термелер тыңдармандардың құлақ құрышын қандырды.

Олар ән шырқап қана қоймай, қазақтың ұмыт болған салт-дәстүрін жаңғыртуды мақсат еткен. Күміс көмей әншілердің өнері Қордай жұртына қатты ұнап, олар «Ақ әжелерді» үлкен қошеметпен шығарып салды.

Ерлан БҮРБАЕВ, Сұлутөр ауылы мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.