Ақ халаттылар алғыс арқалады

0

Денсаулық-баға жетпес байлық десек, адам жанының арашасы болып табылатын дәрігерлердің қоғамдағы орны ерекше. Жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісі медицина қызметкерлерінің күні аталып өтіледі. Міне, сол күн де таяп, мереке қарсаңы – жұма күні озат медицина қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Осылайша, 14 маусымда аудандық Мәдениет үйінде денсаулық сақтау саласының қызметкерлері түгелдей жиылып, ауданның атқамінер азаматтары ақ халатты абзал жандарды төл мерекелерімен құттықтап, аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай оларға деген ізгі тілегін білдірді. «Құрметті медицина қызметкерлері және денсаулық сақтау саласының ардагерлері! Сіздерді шын жүректен кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай келе, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға береке тілеймін. Мемлекет басшысы бұл саланың дамуына ерекше көңіл бөліп келеді. Елдегі саясатының бастапқы бағыттарының бірі — ұлтымыздың саулығы мен медициналық қызмет сапасын арттыруға негізделіп отырғаны сондықтан», — деп сөз алған Дамира Маратқызы марапаттау рәсіміне көшті. Атап айтар болсақ, аудан әкімінің құрмет грамотасымен төмендегі азаматтар марапатталды: Ш.Усербаева, Г.Алимбетова, Д.Бейсенбаева.  Аудан әкімінің Алғыс хатымен: Р.Фозилов, Т.Ахвердиева, Р.Имаров, Д.Бейсембаева, Г.Төке, С.Кеңесхан, М.Каримов, Т.Тойшубекова. Аудандық маслихатының құрмет грамотасымен: Н.Мусаева, И.Пак, И.Черных, М.Балпукова. Аудандық маслихатының Алғыс хатымен: А.Зауырбаева, А.Гусейнов, А.Тоқтар, Н.Жакыпбекова, Р.Фушанло, Ж.Тентиева, У.Сабанчиев, Н.Токтогулова, А.Калтаев. «Аманат» партиясы Қордай аудандық филиалының Алғыс хатымен: А.Исраилова, А.Өмірбек, Г.Акылкожаева, К.Рыскулова, Х.Мейтиев, Э.Баракбаева, С.Пащенко, С.Раимкулова, Т.Рыскелдиева, Д.Ахметова, А.Байбек, Т.Апаева, Н.Мырзабаева. Сондай-ақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет бірқатар ардагерлерді марапаттады. Осы күні бір топ дәрігер мерекелік медальға ие болды.

Салтанатты марапаттау рәсімінен кейін денсаулық сақтау саласы қызметкерлері және аудан өнерпаздарының қатысумен музыкалдық бағдарлама ұйымдастырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.