АҚПАРАТТЫҚ-ХАБАРЛАМА

0

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру туралы бойынша конкурсқа ұсынылатын жер учаскелерінің тізімі

 

№, лот Жер учаскесінің орналасқан жері Нысаналы мақсаты Жалпы көлемі, га Оның ішінде Жалға беру мерзімі, жыл
Суармалы егістік, га Суарылмайтын егістік, га Жайылым, га Шабындық, га
 

Ауқатты ауылдық округі аумағындағы «Трудовик» мемлекеттік жер қоры

1 «Трудовик» мемлекеттік жер қоры Шаруа қожалығын жүргізу үшін немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 8,5704   8,5704     20 жыл
2 «Трудовик» мемлекеттік жер қоры Шаруа қожалығын жүргізу үшін немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 4,1698 4,1698       20 жыл
3 «Трудовик» мемлекеттік жер қоры Шаруа қожалығын жүргізу үшін немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 27,3295   27,3295     20 жыл
4 «Трудовик» мемлекеттік жер қоры Шаруа қожалығын жүргізу үшін немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 6,1186   6,1186     20 жыл
 

Бетқайнар ауылдық округі аумағындағы «Үміт» мемлекеттік жер қоры

5 «Үміт» мемлекеттік жер қоры Шаруа қожалығын жүргізу үшін немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 18,1435   18,1435     20 жыл
6 «Үміт» мемлекеттік жер қоры Шаруа қожалығын жүргізу үшін немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 5,5014 5,5014       20 жыл
 

Қақпатас ауылдық округі аумағындағы «Қақпатас» мемлекеттік жер қоры

7 «Қақпатас» мемлекеттік жер қоры Шаруа қожалығын жүргізу үшін немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 23,2128 23,2128       20 жыл
8 «Қақпатас» мемлекеттік жер қоры Шаруа қожалығын жүргізу үшін немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 73,0496   73,0496     20 жыл
9 «Қақпатас» мемлекеттік жер қоры Шаруа қожалығын жүргізу үшін немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 73,0496   73,0496     20 жыл
 

Кенен ауылдық округі аумағындағы «Кенен» мемлекеттік жер қоры

10 «Кенен» мемлекеттік жер қоры Шаруа қожалығын жүргізу үшін немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 68,2786   15,7793 33,8985 18,6008 20 жыл
11 «Кенен» мемлекеттік жер қоры Шаруа қожалығын жүргізу үшін немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 11,3367       11,3367 20 жыл
 

Масанчи ауылдық округі аумағындағы «Масаншы» мемлекеттік жер қоры

12 «Масанчи» мемлекеттік жер қоры Шаруа қожалығын жүргізу үшін немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 3,7046 3,7046       20 жыл
13 «Масанчи» мемлекеттік жер қоры Шаруа қожалығын жүргізу үшін немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 4,6326   4,6326     20 жыл
14 «Масанчи» мемлекеттік жер қоры Шаруа қожалығын жүргізу үшін немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 6,8780   6,8780     20 жыл
 

Сарыбұлақ ауылдық округі, Сарыбұлақ елді мекеннің жері

15 Сарыбұлақ

елді мекеннің жері

Шаруа қожалығын жүргізу үшін немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 60,0   60,0     20 жыл
16 Сарыбұлақ

елді мекеннің жері

Шаруа қожалығын жүргізу үшін немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 60,0   60,0     20 жыл
Барлығы   453,9757 36,5886 353,5511 33,8985 29,9375  

 

Ескерту: Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жер пайдалану (жалға алу) құқығымен шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының шетелдік қатысуы бар заңды тұлғаларына, халықаралық ұйымдарға, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға, сондай-ақ қандастарға беруге жол берілмейді.

Конкурс 2025 жылдың 13 наурызда сағат 10:00 де өткізіледі. Өтінімдерді қабылдау 2025 жылдың 20 ақпаннан – 12 наурыз аралығында Қордай ауылы, Жібек жолы көшесі, №278 ғимаратта, Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімімен жүргізіледі.

  1. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

4) конкурстық ұсыныс;

5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.

  1. Конкурстық ұсыныста:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 7 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19893 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларын және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 болып тіркелген) бекітілген Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

  1. Конкурстық ұсынысты, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін — қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін — бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.
  2. Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.
  3. Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде «шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс» және » жылғы __________»_____ » дейін ашуға болмайды» (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.

Өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні оған өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

Конкурс өткізілуі жөніндегі қосымша ақпараттарды 8-726-36-2-12-74 телефондары арқылы білуге болады.

Конкурска өтінімдерді қабылдау орны: Қордай ауданы, Қордай ауылы, Жібек жолы көшесі  №278, Қордай ауданы әкімдігінің Жер қатынастары бөлімі.

Ұйымдастырушы: «Қордай ауданы әкімдігінің жер қатыныстары бөлімі» КММ-сі.

 

 

 

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.