АҚПАРАТТЫҚ ТОП ҚОРДАЙ АУДАНЫНДА

0

Ағымдағы жылдың 15 шілдесінде мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша «Бейбітшілік және келісім» жобасы аясында Қордай ауданындағы Сарыбұлақ, Ауқатты, Сортөбе, Масаншы, Степной ауылдық округтері және оған қарасты Қызылсай, Бетқайнар, Арал, Қалғұтты, Қайнар ауылының тұрғындарына ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жамбыл облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Мубарак Жинақбаева, республикалық ҚХА мүшесі, жергілікті меценат Татьяна Апаева және «Республикалық және облыстық «Вынхуа» Дүнгендер этномәдени бірлестігі» Аналар кеңесінің төрайымы Сара Даузова аталған ауылдардың тұрғындарымен жүздесіп, тілектеріне құлақ асты.

Кездесуде жұмыс тобы ауыл тұрғындарына қоғамдық келісім, мемлекеттік саясат, Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысындағы басым бағыттар мен ҚХА сессияларында көтерілген өзекті мәселелерге тоқталып өтті. Сондай-ақ, топ мүшелері этносаралық арандатушылыққа жол бермей, тілдік, нәсілдік топқа жіктелуді болдырмаудың алдын алу жайын да тұрғындармен талқылады. Мемлекеттік тілді меңгеру барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Лугмар Буларовтың бастамасымен «БІРТҰТАС ҚОҒАМ: КЕЛІСІМ ЖӘНЕ СЕНІМ» жобасы аясында 200-ге жуық аудан тұрғыны тіл үйрену топтарына жазылуға өтініш білдірген екен.

Сонымен қатар, жүздесуде Қордай ауданы бойынша жаңадан тағайындалған маман Людмила Щербинина таныстырылды. Жаңа маман кәсіби медиатор ретінде тұрғындарға медиативтік консультация берді.

Одан кейін ғылыми-сараптау бөлімі тарапынан этносаралық жағдайды анықтау мақсатында терең сұхбат жүргізілді.

Өз кезегінде тұрғындар шет мемлекеттен келген қандастарға азаматтық алу мәселесін оңтайландыру, отбасы бұзылған кездегі баланың жағдайы, ауыз су, жол жөндеу секілді әлеуметтік-экономикалық маңызы бар мәселелерді ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді. Тұрғындар тарапынан туындаған мәселелер жол картасына енгізіліп, бақылауда ұсталатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.