АҚПАРАТТЫҚ ТОПТЫҢ ТАНЫМДЫ ЖҰМЫСТАРЫ

0

18 қазан күні«AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалының мәжіліс залында ақпараттық топ мүшелері шаруа қожалықтармен жиналыс өткізіп, онда жеңілдіктер мен субсидиялар алу қағидалары және Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Жолдауы түсіндірілді.
Ақпараттық топ мүшесі Н.Молдабеков кіріспе сөз сөйлеп, Қазақстан – әлемдегі ең ірі агроөнеркәсіптік мемлекет екендігін және ауыл шаруашылығы халық өмірінің ажырамас бөлігі болып табылатындығын атап өтті. Сондай-ақ, ол Мемлекет басшысының Жолдауында субсидияларды түсінікті және ашық тәртіпте ресімдеудің қажеттілігі туралы атап өткендігін айтты. Президенттің айтуынша, субсидиялар шағын және орта шаруашылықтарға толық қол жетімді болуын және ауыл шаруашылығын субсидиялау саясаты мемлекеттің өнеркәсіптік саясатына сәйкес қамтамасыз ету қажет. Н.Молдабеков агроөнеркәсіптік кешенде жұмыс істейтін шаруа қожалықтары мен кәсіпорындар мемлекеттік қолдаусыз қалмайтындығын атап өтті. Әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда, жеңілдіктер беріліп, несиелер мен субсидиялар бөлінуде. Сонымен қатар, Жолдауда Президент маңызды әлеуметтік-қоғамдық және экономикалық мәселелерді көтеріп, олар бойынша мемлекеттік аппаратқа бірқатар тапсырмалар бергендігін, ШОБ-ті қолдау бойынша тиімді шараларды ұсынғандығын айтты. Сондай-ақ ол Президенттің «Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс» деген сөздеріне тоқталып өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.