АҢШЫЛАР НАЗАРЫНА!

0

Жамбыл облысы әкімдігі табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Қордай ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қордай ауданының тұрғындарын ескертеді. Жамбыл облысы аумағында бекітіліп берілген аңшылық алқаптарда 2025 жылдың 8 мен 22 наурызды қоса есептегенде 15 күнге аңшылық жасауға рұқсат беріледі. Көктемгі аң аулау кезінде аңшылық алқапта аталық үйректі аулау еліктіруші үйрекпен немесе тұлыппен рұқсат етілсін. Аңшылық Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 ақпандағы №18-03/157 бұйрығымен бекітілген «Аң аулау қағидасына» сәйкес жүргізіледі. Аңшылық алқаптардан тыс жерлерде аңшылық жасауға қатаң тыиым салынады.

И.ИБРАИМОВ, аңшылықтанушы

Leave A Reply

Your email address will not be published.