Аңшылық жасауға рұқсат етілді

0

Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Қордай ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қордай ауданының тұрғындарын ескертеді. 2025 жылдың 6 қыркүйегінен бастап Жамбыл облысы аумағында бекітіліп берілген аңшылық алқаптарда жабайы су құстарына аңшылық жасауға рұқсат етілді. Аңшылық нысаны болып табылатын жануарлардың бас-қа түрлеріне аңшылық жасау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 ақпандағы№18-03/157 бұйрығымен бекітілген «Аң аулау» қағидасының 11 қосымшасына сәйкес, аң аулауды өткізу мерзімдерімен жүргізіледі.

И.Ибраимов, аңшылықтанытушы

Leave A Reply

Your email address will not be published.