АБАЙЛАҢЫЗ — АШЫҚ ТЕРЕЗЕ!

0

Балалардың тұрмыстық жарақаттану себептері, бұл оқиғалардың барлығы ең алдымен, ата-аналардың бейқамдығы мен салғырттығы болып табылады.

Балалардың танымға деген құштарлығы шексіз және бұл тамаша. Бірақ… ересектердің тарапынан балаларға қатысты қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін елемеу жиі қайғылы салдарға әкеп соқтырады. Көбінесе ата-аналар кішкентай балаларды терезе алдына тұрғызып, ал содан кейін өз істерімен айналысып кетеді. Бұл жағдай балалардың алдағы уақытта өз бетінше терезеге шығуына бірден бір себеп, өйткені бұл жол баланың санасында қалады. Осындай сәтте, кішкентай балалар масақана торларға сүйеніп осы кезде құлау сәті орын алады.
Барлық ата-аналар есте сақтау қажет, біріншіден, жазатайым оқиғадан аулақ болу үшін баланы терезе алдына қоюға болмайды;
— екіншіден, есте сақтаңыз масақана торлары сүйкенуге арналмаған, өйткені олар берік емес және олардың мақсаты өзгеше;
— үшіншіден, кішкентай балалардың терезелерге, лоджиялар мен балкондарға кіруін шектеу үшін, орындықтарды, үстелдер мен өзге де жиһаздарды терезелерге өту тірегі ретінде пайдалана алмауы үшін алып тастау қажет;
— төртіншіден, балконға арналған есік немесе терезе жақтаулары кәмелетке толмаған бала оларды аша алмайтындай етіп оқшаулануы тиіс. Ол үшін қазір супермаркеттер мен дүкендердің шаруашылық бөлімдерінде арнайы бұғаттағыштар сатылады. Немесе қажет болған жағдайда терезе жақтаулары мен балкон есіктерінің тұтқаларын алып тастау қажет. Осындай іс-қимыл арқылы, кішкентай бүлдіршіндеріңізді балконнан, лоджиядан немесе терезеден құлап кету жағдайын алдын аласыз және өзініздің жүйкеніз бен баланыздың өмірін сақтайсыз.
Көптеген дамыған шет елдерінде жауапсыз ата-аналарға қатысты қатаң әкімшілік жаза қолданылады (айыппұл санкциялары, мәжбүрлеп айыппұл жұмыстары, БАҚ беттерінде суреттерді орналастырылады, теледидарда, қаланың лэд-экрандарында көрсетіледі және т. б.).
Біздің ата-аналарымыз өз балаларына қатысты барлық жауапкершілікті түсініп, сезінгенін қалаймыз, оларды қараусыз қалдырмай, жалғыз өздерін серуендеуге жібермей, қандай да бір жағдайда өзін-өзі қалай ұстау керектігін жиі айтып түсіндірсе, көптеген жазатайым оқиғалардың алдын алуға септігін тигізер деген сенімдеміз.
Нанотехнологиялар қарқынды ғасырында біздің балалар білімқұмар, белсенді болып өсуде, бірақ әрқашан және барлық жерде, кез келген жағдайда болашақ ұрпақтарымыздың жанында ата-аналарымыздың болуы өте маңызды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.