Абаттандыру жұмыстары жалғасуда

0

Қордай ауданында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясындағы шаралар үздіксіз жалғасып жатыр.

Бұл бастама экологиялық жағдайды жақсарту, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты таза ұстауға бағытталған.

Аудан тұрғындары сенбіліктерге белсене қатысып, ауылдарды қоқыстардан тазартып, көгалдандыру жұмыстарына атсалысуда.

Сонымен қатар, акция барысында халықтың экологиялық мәдениетін көтеруге арналған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, табиғатты қорғаудың маңыздылығы туралы ақпараттық жұмыстар жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.