АДАЛ ЕҢБЕКПЕН ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА

0

Елімізде 2025 жыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып бекітілгені белгілі. Соған сәйкес, ауданымызды аталмыш жылды дәріптеуге бағытталған, ауылдық округтер арасында өнер фестивалі бастау алған еді.

Бұл жолғы өткізу мәртебесі Қордай ауданына қарасты Алға ауылдық округіне табысталған болатын. Жұманың кешінде жалауын желбіреткен фестиваль аудан орталығындағы «Жасыл» саябақта өткізілді. Дәстүрлі кештің маңызды бөлігінде округ әкімі Б.Абильдаев сөз алып, мамандықтар жылы аясында қолға алынған шараның маңыздылығына тоқталып өтті. Сондай-ақ, барша қатысушыларға сәттілік тіледі. Шараның тартысты өтуіне ауыл әкімдігі аппараты қызметкерлері мен ауыл жастары, ауыл тұрғындары біркісідей атсалысты.

Айта кетейік, арнайы тағайындалған әділ-қазылар құрамы жыл соңында аталмыш сайыстың жеңімпазы мен жүлдегерлерін анықтайтын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.