«АДАЛ ЕҢБЕКПЕН – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА»

0

Сәуір айында бастау алған «Адал еңбекпен – жарқын болашаққа» атты аудандық фестиваль аясында Қордай ауданының елді мекендері бірінен соң бірі өз өнерлерін ортаға салып келеді. Бұл жолы кезек Степной ауылына келіп жетті

Аптаның алғашқы күнінде өткен бұл ауқымды шара ауыл тұрғындарының үлкен дайындықпен, ерекше ықыласпен қатысуымен ерекшеленді. Көпшілік назарына Қордай ауданының өнерпаздары арнайы концерттік бағдарлама ұсынып, көрерменге әсем ән мен тәтті күйге толы кеш тарту етті.

Сондай-ақ, фестиваль аясында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі, қолдан жасалған бұйымдар мен сурет көрмесі тұрғындар назарына ұсынылды. Ауыл маңынан өндірілетін техногранит өнімдері де көрсетілді. Сонымен қатар, қазақ және әзірбайжан ұлт өкілдерінің ұлттық тағамдары көрмесі көпшілікке ерекше әсер қалдырды.

Фестивальдің басты мақсаты – жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеру, жастарды еңбекке баулу және патриоттық тәлім-тәрбие беру. Концерттік бағдарламада еңбек адамдарына арнау өлеңдер оқылып, жастардың еңбекке деген құрметі көркем түрде паш етілді. Осындай игі бастамалар аудан тұрғындарының бірлігін арттырып, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайтуға өз үлесін қоса бермек.

Фариза СОВЕТҚЫЗЫ

Leave A Reply

Your email address will not be published.