АДАЛ ЕҢБЕКТЕРІҢІЗ ҮШІН РАХМЕТ!

0

Осыдан бірнеше жыл бұрын елімізде 1 наурыз — Алғыс айту күні болып белгіленгені баршаға мәлім. Алғыс айту күнінің басты мәні – тарихи оқиғаларды есімізде сақтап, ұрпақтар сабақтастығы мен іргесі берік негіздегі ел бірлігін нығайту болып табылады. Мейірімділік, өзара көмек және бір-біріне деген құрмет қазақтың киелі топырағында күллі қазақстандықтар көздің қарашығындай сақтайтын әрі мақтан тұтатын достық пен өзара түсінушіліктің бірегей атмосферасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Алғыс сөздерін айтқан адам да, алғыс алған адам да қуаныш сезіміне бөленеді. Сондықтан болар, Алғыс айту күнінің мәні мен маңызы біз үшін ерекше.

Осы айтулы мерекеге арналған мәдени-бұқаралық іс-шаралар легі еліміздің түкпір-түкпірлерінде ұйымдастырылса, аудандық этно-мәдени бірлестіктерінің өкілдері мемлекет үшін адал қызмет етіп жүрген азаматтарды құттықтап, оларға алғыс айтуды жөн көрді. 1 наурыз күні олар төтенше жағдай бөлімі, полиция бөлімі, орталық аурухана және ардагерлер кеңесінің қызметшілеріне алғыс айтты. Этно-мәдени бірлестіктерінің өкілдері оларға ыстық бауырсақ және сыйлықтар салынған себеттерді табыстады.

Еркін ҚАТБЕКОВ

Leave A Reply

Your email address will not be published.