АЙҚЫН МАҚСАТ МЕРЕЙЛІ МЕЖЕГЕ БАСТАЙДЫ

0

200 келушіге арналған емхана құрылысы

Сортөбе ауылындағы ауылдық аурухананың соңғы уақытқа дейін жеке емхана ғимараты болмаған. Емдеу мекемесінің әкімшілігі жертөлені соған бейімдеу туралы шешім қабылдаған еді.

«Ауылға емхана салыңыздар, онда медициналық қызметтер аясы кеңейер еді. Мамандардан кеңес алу үшін 70 шақырым жердегі Қордай аудандық округіне жиі баруға тура келеді», — деген өтінішпен Сортөбе ауданының тұрғындары бірнеше жыл қатарынан тұрғындармен есеп беру кездесулерінде жергілікті атқарушы органдарға жүгінген болатын.

Келесі жиында аудан әкімі Бегзат Болатбеков биылғы жылы Сортөбе ауылдық ауруханасы аумағында ауысымына 200 келушіге арналған емхана құрылысы басталатынын айтты.

Құрылыс жұыстары 20 шілдеде басталды. Жалпы аумағы 0,6681 метр жерді құрайтын аймақта үш қабатты жаңа ғимарат салынады, ғимараттарды «Интеллектуалды Азия» компаниясы салып жатыр.

-Аталған заманауи аурухана заман талабына сай альтрадыбыстық, диагностикалық, рентген, эндоскопиялық, маммографиялық және флюорографиялық жабдықтармен қамтылатын болады, диагностикалық және терапиялық бөлімдер кеңейтіліп, клиникалық-диагностикалық зертхана, сәулелік диагностика бөлімшесі, қалпына келтіру емі, дәрігерлік көмек кабинеті,ғ күндізгі стационар ашылмақ, — деп атап өтті Сортөбе ауылдық ауруханасының меңгерушісі Таня Апаева.

 

Сортөбе ауруханасының тарихы

 

Сортөбе ауылындағы аурухананың құрылу тарихы сонау 1957 жылдан бастау алады. Ол кезде кішігірім медпунктте Фарид Айманов фельдшер болып еңбек еткен, одан кейін Омар Бишанло жұмыс істеді.

1976 жылы «Коммунистический» колхозының төрағасы Исмар Манезовтың бастамасымен асарлатып дәрігерлік амбулатория салынған болатын. Одан соң  1986  жылы балалар бөлімі мен терапиялық бөлім бой көтерді. Ал 1995 жылы перзентхана бөлімінің құрылысы аяқталды.

Осылайша, ауылдық аурухана кеңейтіліп, амбулатория статусынан ауылдық аурахана болып өзгеріп,  жаңа қызметтер пайда болды, мұның бәрі де ел игілігі үшін еді.

Ол кезде  аурухананы әйгілі дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Сулейман Джинбаров басқарған болаты. 40 жылдай осы мекемеде Семеш Чубаза аға медбике болып еңбек етті. Өз ісінің нағыз шеберлері, денсаулық сақтау саласының патриоттары десе болады. Кәсіби деңгейде энциклопедиялық есте сақтау қабілеті дамыған тұлғалар болатын.

Ол кездегі ауруханада 37 адам еңбек етті.

 

50 мыңнан астам адамға қызмет көрсететін ұжым

 

Ал бүгінгі құрам – басшының мақтанышы десе болады. 100-ден астам медициналық жұмысшылар еңбек етіп, олардың әрбірі жайлы аурухана меңгерушісі айтып беруден жалықпайды.

50 мыңнан астам адамға қызмет көрсететін ұжым өз ісінің шеберлері. Әрқайсысының науқастармен қарым-қатынас жасау тәсілі мен әдісі бар, олар аудандағы медицина саласының тарихына өз үлестерін қосқаны рас. Кумре Маткаримова, Анагуль Исраилова, Илья Айдыров, Талас Мамабеталиева, Галина Денисенко, Бурул Жапарова, Гулькаир Сейталиева, Диля Юбурова, Асланбек Кармышев, Зурият Бадалова, Исмаил Щимеев, УрматАбылов, Айкумыс Казыгулова, Аида Мадалинова,  Хурман Марьям,Ухуар Гарова, Уалиева Дамира, Анжелика Нусипаева, Болинова Зухра, Айгуль Абдылдаева және басқалары кәсіби шебер мамандар, өз ісінің білікті шеберлері.

Осыншама жылдар ішінде медпункттен, ауылдық амбулаториядан басталған аурухана тарихы бүгінде көпбейінді жаңаша технологиямен қамтылған ауруханаға айналды.

Бір атап өтерлігі, 2020 жылы осы аурухана аудандық деңгейде «Халықтық аурухана» құрметті атағын иеленген.  Неліктен халықтық деп ойласыз?

Мұнда барлығы қарапайым – іргетасы қаланған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін ауыл тұрғындарының күшімен аурухана үшін қыруар істер атқарылды. Мәселен, 2010 жылы аудан кәсіпкерлері ауруханаға заманауи рентген аппаратын, 2 УДЗ – жылжымалы және стационарлық, төсек жанында мониторлар, 12 арналы ЭКГ аппараты, биохимиялық және ферменттік иммундық анализаторлар, электрофорез аппараты және босануға арналған екі арнайы акушерлік төсек.

Рентген және биохимиялық құрал-жабдықтарды алған соң  ауылдық аурухана меңгерушісі Таня Апаева аудандық аурухананың бас дәрігеріне аурухана аумағынан рентген бөлімі мен биохимиялық зертхана ғимаратын салу туралы ұсыныс жасайды. Идеяны қолдаған Эйвас Заманов тіпті болашақ құрылыс алаңын да айқындап берді. Техника бар, бірақ ғимарат жоқ екенін білген соң, ауыл  тұрғындарын үндеу тастауды жөн көрді.

Бірнеше дәрігер – Семеш Чубаза, Ухуар Гарова, Разия Сушанло және Керим Идыбо өз еркімен жерлестеріне науқастарды диагностикалау және тексеру үшін құрылыстың қажеттілігін жеткізуге тырысты.

Олар тіпті Қырғызстанның, Алматы қаласындағы жергілікті тұрғындар жұмыс істейтін базарлар мен басқа да кәсіпорындарды аралады. Нәтижесінде Лугмар Дыва, Бай Ясыров, Юсуф Удый сынды тұрақты демеушілер табылды.

Халық та мүмкіндігінше қаржылай қолдау көрсетті.

Құрылысқа Ахмед Мадышанов, Ілияс Мауров, Нұрлан Қалпақов, Омар Ыдыров 30 000 кірпіш бөлді. Омар Янгуй, Шамиль Машанло, Оспан Толбаев құрылыс материалдары – цемент, қиыршық тас, құм әкеп  берді. Көрші ауылдардың тұрғындары да көмектесті. Аудандық мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары, мектеп ұжымдары, ауылдық әкімдіктер де шет қалмады.

Осы адамдардың арқасында қысқа мерзімде науқастарды алғашқы қабылдау үш айдан кейін жүзеге асырылды. Алғашқы рентген суреті мен зертханалық зерттеулердің бастапқы нәтижесі күні бүгінге дейін сақталған.

Жергілікті өңірлердің тұрғындары күні бүгінге дейін ғимараттарды жөндеуге, шатырларды жөндеуге, абаттандыру мен көгалдандыруға көмектесуде.

«Аудан тұрғындарының сенімі мен қолдауының арқасында біздің аурухана медициналық қызмет көрсетуге кәсіби дайындық деңгейін айтарлықтай арттырды, соның салдарынан Қордай орталық аудандық ауруханасына немесе ірі қалалардағы ауоруханалардар еш кем түспейміз деп мақтанышпен айта аламын», – дейді Таня Апаева.

Дәрігерлер де ауылдың әлеуметтік өмірінен шет қалмайды. Кезінде шекара заставасына дейінгі жолдың бір бөлігін жөндеп, көшелерді абаттандыруға атсалысып, көп балалы, аз қамтылған отбасыларға материалдық көмек көрсетті.Ұжымның өмірінде мұндай мысалдар көп.

2007-2019 жылдар аралығында аурухана «Үлгілі денсаулық сақтау мекені» грамоталарымен марапатталды.

-Өзгеріс жасау бір-бірін жақсы түсінетін ынтымақты команданы қажет етеді. Сортоба ауруханасының тарихы жергілікті халықтың бірлігінің үлгісі, — дейді Таня Апаева.

 

Ләйлім ДОСЕМБЕКОВА

Leave A Reply

Your email address will not be published.