«АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС ОРНЫ»

0

Қордай ауданында ағымдағы жылдың 1-ші маусымынан бас-тап жаңадан «Алғашқы жұмыс орны» жобасы іске қосылады.

Бұл жоба бойынша жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру алғаш рет жұмыс іздеп жүрген түлектер, жиырма тоғыз жастан аспаған жұмыссыздар, оның ішінде жұмыс тәжірибесі жоқ NEET санатындағы жастар қатарындағы жұмыс іздеп жүрген адамдар үшін жүзеге асырылады.

Жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен жасасқан шарт негізінде «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша «Еңбек» бағдарламасына қатысушыны кемінде жиырма төрт айға тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастырады, бұл ретте халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыстың бірінші жылы үшін еңбек ақыны субсидиялайды.

Экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, жергілікті бюджеттен субсидиялаудың бір айдағы мөлшері 20 айлық есептік көрсеткішті (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды ескергенде) құрайды.

Орындалатын жұмыстың көлеміне және күрделілігіне қарай жұмыс беруші өз қаражаты есебінен, қажет болған жағдайда, нақты орындалған жұмыс үшін қосымша үстеме ақылар белгілейді.

Қандай құжаттар қажет:

1) жеке куәлік;

2) еңбек өтілін растайтын құжат (бар болған жағдайда);

3) білімі туралы дипломның көшірмесі.

Жас түлектер, жобаға қатысу үшін аудандық жұмыспен қамту орталығына қайырылыңыздар!

Тел.: 4-86-02, 4-84-96.

Leave A Reply

Your email address will not be published.