Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі – 1 наурыз Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – еліміздегі халық арасындағы сыйластық пен бірлікті нығайту, ортақ тарихымызды құрметтеу, бір-бірімізге көмек көрсету мен қолдау білдіру күні. Әрқайсымыз өзімізге жасалған жақсылықтар үшін алғыс айтып, ризашылығымызды білдіретін уақыт.
Жыл сайын Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күні мерекесіне орай халыққа алғыс білдіреді. Мереке барысында Мемлекет басшысы еліміздің азаматтарының бірлігі мен ынтымағын, еліміздің жетістіктеріне қосқан үлестерін атап өтіп, барша қазақстан-дықтарға рахметін айтады. Ол әрдайым халықтың бірлігін, өзара құрметті дәріптейді, және елдің болашағын бірге қалыптастырып, барлық мақсаттарға жетуге мүмкіндік беретініне сенім білдіреді.
Біздің ауданымызда 30-дан астам ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүріп келеді, және осы мереке әр жыл сайын үлкен құрметпен атап өтіледі. Тұрақтылық пен бірліктің нәтижесінде, ғасырға жуық тарихы бар қордайлықтардың күш-жігерінің арқасында ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жылдан жылға жақсаруда. Осыған сіздердің бірліктеріңіз, адал еңбектеріңіз куә!
Құрметті жерлестер!
Еліміздің бірлігін, татулығын, дамуын қамтамасыз етіп отырған сіздерге зор алғысымды білдіремін. Әр шаңыраққа амандық, бақыт, еңбектеріңізге табыс, денсаулық тілеймін! Бірлігімізді нығайтып, ұлтаралық татулығымызды сақтайық!
Құрметпен Қордай ауданының әкімі БЕГЗАТ БОЛАТБЕКОВ