«АЛҒЫС АЙТУ ПАРЫЗЫМ»

0

Қордай аудандық Мәдениет үйінде 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай салтанатты шара өтті.

«Алғыс айту парызым» тақырыбен өткен кеште барша аудан тұрғындарын мерекемен құттықтаған аудан әкімі Бегзат Болатбеков Алғыс айту күні біздің ортақ тарихымызға деген құрмет, өзара көмек пен қолдау көрсететін күн екендігін атап өтті:

– Бүгінгі күні егемен еліміздің бірлігі мен берекесін нығайтып отырған игілікті істеріңіз үшін баршаңызға алғыс білдіремін. Дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, еңбектеріңізге толағай табыстар тілеймін! Бірлігіміз бекем, ұлтаралық татулығымыз берік болсын,— деді аудан басшысы.

Мерекелік жиынға қатысқан аудандық мәслихат төрағасы Нұрдин Садықов та қордайлықтарды көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Осыдан кейін айтулы күнге орай бірқатар азаматтар марапатталды. Олардың қатарында өз ісіне адал, басын қатерге тіге отырып, өзгенің өмірі үшін күресе білетін, қайырымды істері үшін халықтың алғысын арқалаған жандар болды. Атап айтатын болсақ, Қордай АПБ жергілікті полиция қызмет бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы Е.Абдуллаев, Қордай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, азаматтық қорғау лейтенанты Б.Әпілбек, Қордай ауданы №15 өрт сөндіру бөлімінің жүргізуші -қызметкері, азаматтық қорғау аға сержанты Е.Матаев, Қордай ауданы бойынша шекара басқармасының шаруашылық қамтамасыз ету тобының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының бастығы Н.Дауренбаева,  Қордай АОА ШЖҚ МКК Бастапқы медициналық- санитарлық көмек бөлімінің меңгерушісі Б.Саулембаева, №4 Балжан Бөлтірікова атындағы мектеп–лицейінің химия пәнінің мұғалімі А.Шотанбаева, Сұлутөр ауылының «Аналар алқасы» кеңесінің төрайымы М.Байзулаева,  Қордай ауданы бойынша «Әзери» этно-мәдени бірлестігінің мүшесі Л.Абылкасымов, қардың қалың жаууына байланысты Қордай асуында болған төтенше жағдайда белсенділік танытып, қар құрсауында қалғандарды құтқаруға атсалысқан Кенен ауылдық округінің ақылы қоғамдық жұмысшылары Б.Азимбаев, К.Қасымқұлова,  «Отечество» славян этно-мәдени бірлестігінің мүшесі А.Бабешко, «Вайнах» Қордай аудандық шешен-ингуш ұлттық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Х.Салимов, «Саладин» күрд этно-мәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің мүшесі К.Мамедов, «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі И.Варшакидзе, Масаншы ауылының жастар тобының мүшесі Р.Саров марапатталды.

Салтанатты шараның соңы аудан өнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.