«АЛАЯҚТЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!»

0

Аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен Қордай ауданы аумағында «Алаяқтыққа жол жоқ!» акциясы өтті.

Акция барысында Қордай ауданының полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары мен криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері ауданның халық көп шоғырланған жерлерін аралап, тұрғындарға алаяқтықтың түрлері, одан сақтанудың жолдары және алдын алу шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, азаматтарға арнайы жадынамалар таратты. Тәртіп сақшылары аудан тұрғындарын белгісіз нөмірлерден түскен қоңырауларға жауап бермеуге, ешкімге телефоныңызға келіп түскен құпиясөзді айтпауға, күдікті сілтемелерге өтпеуге шақырып, сақ болуларын ескертті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.