Қордай ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай мен «Ассамблея жастары» өкілдерінің кездесуі өтті.
Кездесу барысында Ассамблея жастарының алдағы жұмыс жоспары мен маңызды бағыттары талқыланды. Сондай-ақ, күні кеше Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы атап өткен басым бағыттар бойынша пікір алмасу өтті.
Сонымен қатар, 2026 жыл Қазақстанда «Волонтерлар жылы» болып жариялануына орай ұйымдастырылатын іс-шаралар мен жобалар легі де сөз болды. Жастар өз ұсыныстарын ортаға салып, алдағы шараларға қатысуға ниеттерін білдірді.
Аталмыш кездесу жастардың қоғамдық жұмысқа белсенді қатысуын арттыруға және Ассамблея аясындағы жобаларды тиімді жүзеге асыруға бағытталған маңызды алаң.