Халықты қорғау – азаматтық қорғау қызметтерінің басты міндеті. Халықты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау бойынша негізгі іс-шаралардың бірі – тұрғындарды қандай да бір қауіп-қатердің туындауы немесе қаупі туралы уақытында құлақтандыру және ақпараттандыру. Халықты құлақтандыру оны төніп тұрған қауіп-қатер және орын алған жағдай туралы уақтылы ескертуді, сонымен қатар мұндай жағдайларда әрекет ету тәртібі туралы ақпараттандыруды білдіреді.
Бұрын Жамбыл облысы аумағында қауіп-қатер туралы ақпаратты немесе сигналды жеткізу облыс аймағын қамтитын теледидар және радио хабарларды тарату, сиреналар және мобильдік операторлар арқылы смс тарату көмегімен жүргізілген. Енді біздің облысымызда ТЖ туралы халықты жылдам құлақтандыру үшін 15 мамырдан бастап, SMS құлақтандырумен қатар тегін мобильді «Darmen» қосымшасы іске қосылған. Жоба қазақстандық «I2NIK» ЖШС компаниясымен әзірленген. «Darmen»-ді дайындау үшін Жапония мен АҚШ елдерінің халықты мобильдік қосымша арқылы құлақтандыру тәжірибесі зерделенген. Сонымен қатар, бұл қосымша бірнеше секунд ішінде халықты облыс аумағындағы ТЖ қаупі мен туындауы (соның ішінде дауылдық ескертулер) туралы жаппай ақпараттандыруға мүмкіндік береді. Бұл қосымша тәжірибелік пайдаланудан өтті және хабарламаларды жедел жеткізуде бұрыннан қолданылып жатқан SMS құлақтандырумен салыстырғанда аса тиімді екенін көрсетті. Мобильдік қосымшаны Android және IOS операциялық жүйелері негізіндегі смартфондары мен планшеттері бар барлық тұрғындарға мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүктеп алу үшін қолжетімді. Қосымшаны App Store және Plaу Market мобильдік телефондар үшін қосымшалар дүкендерінде «Darmen» атауын енгізіп жүктеп алуға болады. Бұл халықты, жергілікті атқарушы органдарды және басқаларды нақты бір жағдайдың туындауы туралы алдын ала ескертуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде бұл Жамбыл облысы тұрғындарын қандай да бір апаттың жағымсыз салдарынан немесе әр түрлі факторлардың әсерінен болған қиратушы күштің әсерінен максималды қорғайды. Азаматтарды қорғаудың мұндай схемасы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аса маңызды.Құлақтандыру деп нені түсінуіміз керек? Бұл анықтама мүмкін төтенше жағдайлар, сонымен қатар олардың салдары туралы тұрғындарды алдын ала ескертуге мүмкіндік беретін шаралар кешенін сипаттау үшін қолданылады. Мұнда халықты қауіп-қатерлер, төтенше жағдайлар және ықтимал қатерлер туралы құлақтандыру — елді мекеннің тұрғындары тарапынан орын алған жағдайда ұйымдасқан іс-әрекеттерден тұратын нақты реакцияны білдіреді.
Жамбыл облысы ТЖ Департаментінің баспасөз қызметі