АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК

0

Жаз мезгілінің келуімен бірге пәтерлер мен үйлерде терезелерді ашық ұстау әдетке айналады. Алайда дәл осы кезде балалардың терезеден құлау оқиғалары жиілейді. Мұндай қайғылы жағдайлар көбіне ата-ананың немесе қамқоршының аз ғана сәтке алаңдап қалуынан орын алады.

Қазақстанда жыл сайын ондаған бала көпқабатты үйлердің терезесінен құлап, ауыр жарақаттар алады немесе қайтыс болады. Мұндай оқиғалар көбіне 2-ден 6 жасқа дейінгі балалар арасында жиі кездеседі, себебі олар әлемді зерттеуге құштар, бірақ қауіп-қатерді бағалай алмайды.

Көптеген ата-аналар москит торларын қауіпсіздік құралы ретінде қабылдайды. Алайда торлар баланың салмағына шыдамайды және оп-оңай құлап кетеді.

Балалар бірнеше секунд ішінде терезеге көтеріліп, қауіпті жағдайға тап болуы мүмкін. Үйде үлкендердің болмауы немесе алаңдауы – басты қауіп факторларының бірі.

Терезе маңына қойылған диван, үстел немесе орындық баланың терезеге оңай көтерілуіне жағдай жасайды.

ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ

Терезеге арнайы құлыптар орнатыңыз. Ашылуды шектейтін құлыптау құрылғыларын орнату – балалар қауіпсіздігінің басты кепілі.

Маса торын қауіпсіздік емес, тек жәндіктерден қорғану құралы ретінде қабылдаңыз.

Жиһазды терезеден алысырақ орналастырыңы. Бала терезеге оңай шыға алмайтындай етіп бөлмені жоспарлау қажет. Баламен қауіпсіздік туралы жиі сөйлесіп, терезеге шығудың қауіпті екенін түсіндіру маңызды.

Баланы ешқашан үйде жалғыз қалдырмаңыз. Қысқа уақытқа кетсеңіз де, терезелерді толық жабыңыз.

Балалардың өмірі мен денсаулығы – ата-ананың тікелей жауапкершілігінде. Қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау арқылы сіз өз балаңызды ауыр жарақаттардан, тіпті өлімнен де сақтап қала аласыз. Терезе – жарық көзі ғана емес, қауіптілік көзі екенін естен шығармаңыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.