Аталмыш акция аясында Қордай аудандық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсту орталығының мамандары мен құқық қорғау органдары қызметкерлері Ноғайбай ауылындағы ауылшаруашылық колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесудің негізгі мақсаты жастар арасында отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және қауіпсіз орта қалыптастыруға үлес қосу. Кездесу барысында студенттерге тұрмыстық зорлық-зомбылық түрлері, оның салдары, сондай-ақ қандай жағдайларда көмек сұрауға болатыны жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Дағдарыс орталығы мен құқық қорғау органдарының өкілдері жастарға қолжетімді көмек түрлері мен сенім телефондары туралы ақпарат беріп, сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, студенттермен ашық пікір алмасу өткізіліп, өмірлік мысалдар арқылы зорлық-зомбылыққа қарсы тұрудың маңыздылығы талқыланды.