АЛИМЕНТ ҚАРЫЗ ЕМЕС — ПАРЫЗ!

0

Прокуратура органының басты міндеті адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, сондай-ақ заңдылықты бұзуды, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою болып табылады. Оның ішінде кәмелет жасқа толмаған балалардың құқықтарын қорғау басты бағытқа қойылған.

Осыған орай 2021 жылы және ағымдағы жылдың өткен кезеңінде Қордай ауданының прокуратурасы алимент төлеуден жалтарған 8 борышкерге қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 669-бабымен 8 әкімшілік іс қозғаған.
Нәтижесінде барлық борышкерлер аудандық соттың қаулысымен кінәлі деп танылып, 4 борышкерге айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынса, 4 борышкерге қатысты әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылды.
Сонымен қатар аудан прокуратурасының нұсқауымен борышкерлерді қылмыстық жауаптылыққа тарту жұмыстары да жалғасын тапты.
Атап айтқанда сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 139-бабымен 2021 жылы 2 іс тіркеліп, 2 қылмыстық іс ақталмайтын негізде, яғни тараптардың татуласуы бойынша тоқталды, 2022 жылдың өткен кезеңінде 1 қылмыстық іс тіркеліп, сотқа жолданды.
Сонымен бірге 11.12.2020 жылы ҚР Жоғары Сотының 19.12.2003 жылғы №12 «Сот актілерін орындамағаны үшін жауаптылық туралы» нормативтік қаулысына бірқатар өзгерістер енгізіліп, борышкерлердің сот актісін орындамағаны үшін қылмыстық жауаптылық туындайтын жағдайлардың тізбесі кеңейтілді.
Енді борышкердің дәлелді себептерсіз бас тартуы (сот орындаушысын хабардар еткен сәттен бастап немесе жұмыс орнынан босатылған сәттен бастап) бір ай ішінде оны жұмысқа орналасуға мұқтаж тұлға ретінде есепке қою үшін құзыретті мемлекеттік органдарға жүгінуден бас тартуы, ұсынылған бос лауазымнан жұмысқа мұқтаж ретінде есепке қойылғаннан кейін екі және одан да көп рет бас тартуы, жұмысқа орналастырылғаннан кейін бір ай ішінде жұмыс орнынан өз еркімен, елдің және одан тыс жерлердегі курорттық-сауықтыру кешендеріне жолдамалар, өзге де сән-салтанат заттарын сатып алу және қымбат ақылы қызметтер алу, өндіріп алушыға ай сайынғы төлемдерді төмендету мақсатында болмашы табысты белгілей отырып, жалған жұмысқа орналастыру әрекеттері қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын түсіндіреміз.
Қордай ауданының
прокуратурасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.