Amanat партиясы сайлауалды бағдарламасы аясында Жамбыл ауданының Бесағаш ауылында көптен күткен маңызды жоба жүзеге асты.

0

Amanat партиясы сайлауалды бағдарламасы аясында Жамбыл ауданының Бесағаш ауылында көптен күткен маңызды жоба жүзеге асты. Елді мекенде заманауи спорт кешені бой көтеріп, ауыл тұрғындарының игілігіне берілді. Бүгінде бұл нысан жасөспірімдердің дене шынықтырумен тұрақты айналысып, үлкен спортқа қадам басуына жол ашып отыр, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Бесағаш ауылы спорттық дәстүрі қалыптасқан мекен ретінде кеңінен танымал. Халық арасында «чемпиондар ордасы» атанған ауылдан қазақ күресі мен самбо бойынша әлемдік және азиялық жарыстарда топ жарған талай саңлақ шыққан. Соған қарамастан, ұзақ уақыт бойы ауылда заман талабына сай спорт нысанының болмауы өзекті мәселелердің бірі болып келді. Жастар жаттығу жасау үшін Қарой ауылына немесе Тараз қаласына қатынауға мәжбүр болды. Алайда бұл қиындықтар олардың жеңіске деген жігерін жасыта алмады. Бесағаштың спортшылары халықаралық ареналарда ел намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтижелер көрсетіп жүрді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.