«Ана – өмірдің гүлі»

0

Қордай аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығында  «Ана – өмірдің гүлі» тақырыбында  мамандар мен балаларымыздың қатысуымен мерекелік іс-шара өтті.

Мерекелік жиынға келген ата-аналарды орталықтың жігіттері әсем әуенмен, гүл шоқтарымен қуана қарсы алып, қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Ертеңгілік Мұқағали Мақатаевтың «Ана» өлеңін мәнерлеп оқудан басталды. Орталықтың қыздары «Ана» әнін орындаса, балалар аналарына арналған өлең шумақтарын айтты. Тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер «Гүлдер» биі, «Үнді» биі, «Қара жорға», «Джентльмендер», «Испан» билерін билеп, «Ана жүрегі» көрінісін қойып, көрермендерді өнерлерімен тәнті етті.

Жиналған қауымды шуақты күнмен құттықтаған орталықтың директоры Э.Мінісқұлова: «Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші дей отырып, барша әйелдер қауымын мерекемен құттықтаймын. Әрқайсыларыңыздың үйлеріңізге ырыс-береке тілеймін»,-деді.

Н.Жаманкулова, орталықтың әдіскері

Leave A Reply

Your email address will not be published.