АНА ТІЛІМ, САМҒАШЫ БИІКТЕРГЕ…

0

Қазақстан Республикасы Оқу ағарту Министрлігінің «Біртұтас» тәрбие бағдарламасының «Шабыт» жобасы мен Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің бастамасымен 2025 жылды «Әулиеата – кітап оқитын өңір» деп жариялауына орай, №23 Т.Рысқұлов атындағы мектебінде дарынды, ақынжанды оқушы Мәтілбайұлы Абайдың «Ана тілім, самғашы биіктерге…» атты өлеңдер жинағының тұсауы кесілді.

Соған орай, «Бала жүрек жырлайды» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Кітаптың тұсауын аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жетекшісі С.Бахрамова кесіп, өзінің ақ тілегін жаудырды. Мұхтар Шаханов: «Бала жүрегі кішкентай күйсандық, сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады, — деген екен. Сол айтқандай, күйсандықтың кілтін ашып, шабытын шыңдап, өлеңдер жинағының шығуына аянбай тер төккен ұстазы Олжас Көбеевті атап өтуге болады. Бұл ұстаз мектебімізде қазақ тілі мен әдебиет пәнінен сабақ береді. «Ізденіс» шығармашылық тобының жетекшісі. Олжас ағай осы кезге дейін үш шәкірті — Елеміс Мелістің «Өлең деген қазынам бар», Қосболова Айдананың «Қыз арманы», Алижанова Кенжегүлдің «Мөлт еткен мөлдір сезім» атты өлеңдер жинағын кітап етіп, шығарып берді. Бүгінгі жинақтың авторы Абай осы бір ақындық қабілетінің арқасында, 2021 жылы «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлтық орталығы ұйымдастырған «Поэзия падишасы – Мұқағали Мақатаев» атты қашықтықтан өткізілген республикалық байқауда ІІ дәрежелі дипломмен марапатталса, 2022-2025 жылдар аралығында аудандық «Ақберен» өнер байқауы, «Абай, Мұқағали, Махамбет, Төлеген» оқуларында 2-3 орындарды, «Мағжан», «Шерхан», «Бауыржан» оқуларында Бас жүлдеге ие болып, осы байқаулардың облыстық кезеңінде жүлделі орындарды алды. Сондай-ақ Абайдың өлеңдері облыстық «Жас дарын» журналы мен «Арай» газетінде, республикалық «Мөлдір бұлақ» журналында бірнеше рет жарық көрді.

Қорыта келе, жас ақынымыздың өлеңдері оқырманын ешқашан жалықтырмай, оларды жақсылыққа, адамгершілікке, Отаншылдыққа баули берсін. Болашақта танымал ақындардың өлеңдеріндей мағыналы жыр шумақтарын тудыра отырып, еліміздің мақтанышына айналатын, абыройлы, саналы, ардақты ұлы болуына тілектеспіз!

Нұржан МАМЫТОВА, №23 Т.Рысқұлов атындағы мектептің кітапханашысы, Әлжан ана ауылы

Leave A Reply

Your email address will not be published.