Аналар кеңесі – ұлттың рухани тірегі

0
Жамбыл облысында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі қоғамдық өмірдің ажырамас бөлшегіне айналды.

Есепті кезеңде 389 шара ұйымдастырылып, 19 076 адам қамтылды. Облыста 38 Аналар кеңесі жұмыс істейді: 1 облыстық, 1 қалалық, 10 аудандық және 23 этномәдени бірлестіктер жанында, сондай-ақ 3 мекемеде. Кеңес мүшелерінің жалпы саны – 646 адам.

«Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» республикалық жобасы аясында өңірде «Еліне азамат тәрбиелеген отбасы», «Ананың әні», «Әжемнің ертегісі» сияқты жобалар жүзеге асырылуда. Мәселен, «Әжемнің ертегісі» жобасы бойынша Тараз қаласы мен 10 ауданда 147 балабақшада 595 ертегі оқылды, 4350 бала қамтылды. Бұл – ұлттық құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізудің жарқын үлгісі.

«Салауатты сана» жобасы аясында 61 шара өтіп, 3000 адам қатысты. Жастармен кездесулер, шекара бөлімшелерінің сарбаздарымен және Жасөспірімдер үйі тәрбиеленушілерімен жүргізілген жұмыстар ерекше назар аударады. Наурыз айынан бастап «Айналайын», «Ақ орамал» және «Барыңды бағала» сияқты жаңа жобалар қолға алынды. Мысалы, Алғыс айту күні перинаталдық орталықта аналарға алғашқы қажетті заттар табысталса, Наурыз мерекесінде сәбилерге бесікке салу рәсімі өтті.

Аналар кеңесінің қоғамдық рөлі – тек тәрбие мен мәдениетті насихаттаумен шектелмейді. Олар жастарды рухани байытуға, қоғамдық келісімді нығайтуға үлес қосып келеді. Бұл – шынайы патриотизмнің көрінісі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.