АРҒЫН ТЕМЕШ САРБАЗДАРЫ ҰРПАҚТАРЫНАН ТАҒЗЫМ

0

Қордай жері әйгілі «Аңырақай» шайқасы болған, талай тарихи оқиғалар өрбіген аймақ. Әулиешоқсында қазақтың ең соңғы ханы Кенесарының ат тұяғының ізі қалған киелі мекен. Атақты ханның ұлы жолы туралы осыған дейін талай тарихи дүниелер өмірге келген. Солардың ішінде шоқтығы биігі көрнекті жазушы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы осы оқиғаны сипаттаумен, ондағы Кекілік тау, Әулие шоқы аталатын таулы адырларды атаумен болған. Қордайдан шыққан тарихшы ғалым Әбілқасым Ділебаевтың 1944 жылы жазылған «Кенесары қозғалысы туралы» атты зерттеу еңбегінде Хан Кене жолы жай-жапсары кеңінен баяндалады. Ал, Қордай ауданы аумағындағы ұрыс өткен Майтөбе жазығында Кенесары ханға, Наурызбай сұлтанға арнап бүгінгі ұрпақтары ескерткіш осыдан біраз жылдар бұрын орнатылған болатын. Сол ескерткіштер маңы жақында жаңа бір белгі таспен толықты. Ол ескерткіш таста «Кенесары ханның азаттық айқасында шаһид болған Арғын Темеш сарбаздары ұрпақтарынан тағзым» деп жазылған.

Ашылу салтанатына арғысы Астанадан, бергісі Алматы, тіпті көршілес Қырғызстан мен Өзбекстаннан қонақтар келіп, батыр ұрпақтарның бүгінгі игі ісіне сәттілік айтып, жиналған қауым батырларға бағышталған Құран сүрелеріне қол жайды.

Бұл батыр балаларымызға, ел азаттығы үшін жанын пида еткен арда азаматтарға бүгінгі ұрпақтары атынан құрметіміз бен тағзымымыз, деп түсінген абзал. Халқымыздың тәуелсіздігі жолына құрбан болған бабалар есімі ешқашанда ұмытылмауы тиіс, дейді ұйымдастырушылар, Арғын Темеш сарбаздары ұрпақтары.

Leave A Reply

Your email address will not be published.