АР-НАМЫСҚА ҚҰРМЕТПЕН ҚАРАУ ҚАЖЕТ

0

Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен Қордай аудандық полиция бөлімімен бірлесіп, №7 Бетқайнар колледжінің студенттері арасында «Заң және тәртіп» жобасы аясында «Жыныстық қолсұғылмаушылықтың алдын алу» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарға жыныстық қолсұғылмаушылыққа қатысты құқықтық нормаларды түсіндіру, өз құқықтары мен міндеттерін білуге шақыру, сондай-ақ мұндай құқық бұзушылықтың қоғам мен жеке тұлғаға тигізер зардабын ұғындыру болды.

Кездесу барысында қатысушыларға құқықтық мәдениетті қалыптастыру, адамгершілік құндылықтарды сақтау, өзге адамның жеке кеңістігі мен ар-намысына құрметпен қарау жөнінде кеңестер берілді. Сонымен қатар, бүктемелер таратылып, ақпараттық-түсіндіру материалдары ұсынылды.

Бұл іс-шара жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңға құрметпен қарауға және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.