Арал ауылының тұрғындарына Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасының негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында арнайы жиын өткізілді.
Іс-шара барысында ауылдық округ әкімі М. Қарабаев сөз сөйлеп, жаңа Конституция жобасында көзделген негізгі өзгерістер мен толықтырулардың мазмұны мен маңызына тоқталды.
Сонымен қатар, жиын барысында тұрғындарға алдағы референдумның маңыздылығы түсіндіріліп, әрбір азаматтың ел болашағына бейжай қарамай, маңызды саяси науқанға белсенді қатысуының мәні айтылды.
#референдум2026
#ЗаНовуюКонституцию
#АтаЗаң
#15марта
#ПоддержимКонституцию