АРАЛ МЕН ҚАЛҒҰТЫДАҒЫ ҚУАНЫШ

0

Степное ауылдық округі қос бірдей жаңа алаңшамен толықты. Арал және Қалғұты ауылдарында бой көтерген ойын алаңшалары жас өрендер үшін нағыз қуаныш сыйлаған игі жаңалық болды.

Ашылу салтанатына аудан әкімдігінің спорт бөлімінің басшысы Ғалым Алимжанов, Степное ауылдық округінің әкімі Мадияр Қарабаев, ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы, жергілікті тұрғындар мен балалар қатысты.

Өз сөзінде спорт бөлімінің басшысы Ғалым Алимжанов балалардың бос уақытын тиімді өткізуі үшін мұндай нысандардың маңызы зор екенін атап өтті.

Ал ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аршат Ибрагимов өз құттықтау сөзінде:

«Біздің балаларымыз – біздің болашағымыз. Олардың жақсы дамуы мен бақытты балалық шағы үшін қажетті жағдайларды жасап, оларға қолдау көрсету – біздердің міндетіміз!» — деді.

Жаңа алаңшаларда әткеншек, сырғанақ, өрмелеу жабдықтары мен әртүрлі жастағы балаларға арналған спорттық құрылғылар орнатылған. Барлығы заманауи стандарттарға сай жасалып, балалардың қауіпсіздігіне ерекше мән берілген.

Ата-аналар да қуаныштарын жасырмай, енді балаларын алаңсыз ойнауға шығаратынын айтып, барша атсалысқан азаматтарға алғыстарын білдірді.

Айта кетейік, нысандардың құрылысын «Қаратаев» жеке кәсіпкерлігі сапалы әрі уақытылы орындап шықты. Бұл қадам ауыл өмірін жандандырып, тұрғындардың әлеуметтік жағдайына серпін берері сөзсіз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.