19 ақпанда Қордай аудандық ардагерлер кеңесінде кезекті отырысы өтті. Жиынға барлық ауылдық округтердегі кеңес төрағалары, «AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалының төрағасы Бейқұт Жамангозов, аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Нұржан Молдабеков, аудандық мәдениет және тілдері дамыту бөлімінің, «Жастар ресурстық орталығының» қызметкерлері қатысты. Отырыстағы басты тақырып — ҰОС Жеңістің 80 жылдығына арналады.
2025 жылы атқаратын іс-шаралар жоспары бойынша наурыз айында «Алғыс айту» күні – әкімдермен бірлесіп тыл және еңбек ардагерлерін үйлеріне барып құттықтау, Халықаралық әйелдер күні — Тыл және еңбек ардагерлерін үйлеріне барып құттықтау, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлерімен кездесу, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру. «Шешендік өнер асыл қазынам» және «Батаменен ел көгерер» аудандық байқау өткізу жайы сөз болды.
Сонымен қатар, сәуір айында «Жеңіс туы желбіресін» атты аудандық байқау ұйымдастырылмақ. Онымен қоса, аудандық спартакиада, әжелер мен әкелер байқауларын өткізу, мамыр айында Масаншы, Сортөбе, Қарасай, Қаракемер, Қарасу, Ауқатты а/о Масаншы ауылында көшпелі семинар ұйымдастыру жайы талқыланды. Кеңес отырысы қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданды. Төрағаларға тыңғылықты дайындалу керектігі атап көрсетілді.
Қордай аудандық Ардагерлер кеңесі