АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДА ЧЕМПИОН АТАНДЫ

0

Жыл сайын тамыздың үшінші жексенбісінде Қазақстанда Спорт күні атап өтіледі. Ондағы мақсат — өскелең ұрпаққа еліміздің спортшыларының жетістіктерін көрсетуді, спортқа және салауатты өмір салтына деген қызығушылықты оятуды, сондай-ақ кәсіби және әуесқой спортшыларға, спортқа қатысы бар барлық адамдарға алғыс білдіру және құттықтауды көздейді.

Спорт ардагері, №17 Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Ахан Мұстафин жаттықтырушы тәлімгер ғана емес, үлгі-өнеге болуы керек екенін жақсы біледі. Шілде айында Алматыда дзю-додан ардагерлер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Онда 64 жастағы Ахан Мұстафин көп жылғы тәжірибесінің, жігері мен физикалық төзімділігінің арқасында бірінші орынды жеңіп алды.

Ахан аға үлкен спортқа 9 жасында келген. Еркін күреспен 4-сыныптан бастап жаттықтырушы Сайлау Қарабаев жетекшілігімен айналыса бастады. Содан бері спорт кейіпкеріміздің өмірлік ұстанымына айналып, бүкіл ғұмыры спортқа арналды.

Спортшы 1976 жылы технологиялық институтқа оқуға түсті. Жоғары оқу орнында білім алып жүрсе де, жаттығуларын жалғастырды, Қазақстан және КСРО еңбек сіңірген жаттықтырушысы Марат Жахитовта самбомен шұғылданды.  Нәтижесі көп күттірмеді. 1977 жылы Тбилиси қаласында Ақан аға бірінші орынды жеңіп алды. Сол жылы әскер қатарына шақырылып, ЦСКА спорт ротасында қызмет ете жүріп, 1978 жылы Алматы қаласында самбодан Қарулы Күштердің чемпионы атанды. 1979 жылы Тбилисиде дзюдодан өткен жарыста жеңімпаз атанды. Қызметтен старшина шенінде оралды. Әскерден кейін туған ауылы Бетқайнарда еңбек етті. Біраз уақыттан кейін Қырғызстанға көшіп кетті.

Ахан Мұстафиннің айтуынша, спорт оған көп мүмкіндіктерге жол ашты. Қырғызстанда оны Эдуард Владимирович Ли жаттықтыра бастады. 1994 жылы Ішкі істер министрлігі қызметкерлері арасында дзюдодан чемпион атанды. Эдуард Ли оны ішкі істер құрылымдарына ұсынды. Ол «Құқықтану» мамандығы бойынша екінші білім алды, ал одан кейін дене шынықтыру бойынша жоғары білім алды. Кейіпкеріміз көрші республикада тұрып, еңбек еткеніне қарамастан, туған жерге деген сағынышы басым болатын. Ақан аға бүгінде Қордай ауданындағы №17 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде самбодан жаттықтырушы болып жұмыс істейді. Еңбек еткен жылдары ол көптеген республика, облыс чемпиондарын тәрбиелеп шығарды. Кейіпкеріміздің шәкірттері Алматыдағы спорт мектеп-интернатында білімдерін жалғастыруда.

Ахан Қайсарұлы жаттықтырушы – шәкірттерінің дарынын ашып, алға қойған мақсатына жету үшін оның ресурстарын барынша пайдалануға мүмкіндік беретін тұлға екеніне сенімді.

Әңгіме барысында А.Мұстафин жаттықтырушы жұмысы көбінесе үлкен эмоционалдық және физикалық күйзеліспен байланысты болатынын атап өтті. Сондықтан оған көбінесе бұрынғы спортшылар барады, олар артық жүктемені қалай жеңуге болатынын өз тәжірибесінен біледі және өз шәкірттеріне мұны үйрете алады. Оның міндетіне өз қамқорлығындағылар үшін бағдарлама әзірлеу ғана емес, сонымен қатар спортшыны жеңіске психологиялық тұрғыдан дайындау, өзіне және оның қабілеттеріне деген сенімді ояту керек.

«Ахан Қайсарұлы татамидегі жекпе-жек кезінде шәкірттері үшін алаңдайды. Әр спортшы ол үшін баласы тәрізді. Жаттықтырушы ретінде ол талапшыл, әділ, сонымен бірге өте мейірімді адам», — дейді ол туралы әріптестері мен жас спортшылар.

 

Ләйлім ДОСЕМБЕКОВА

Leave A Reply

Your email address will not be published.