АРДАГЕРЛЕР ІСІ – ЖАС ҰРПАҚҚА ҮЛГІ

0

Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімдерде ардагерлер кеңесінің жұмысы жүргізілуде.

Қарулы күштерімізде ардагерлер кеңесі бар екені баршаға мәлім. Ардагерлер кеңесі аталатын ұйымның атқаратын рөлі өте зор. Осы орайда 21450 әскери бөліміндегі ардагерлер кеңесінің жұмысын айта кеткен жөн.
Әскери бөлімде Ауған соғысының ардагерлері мен әскери қызмет атқарып, зейнетке шыққан ардагерлер Қарулы күштер қызметкері болып қызмет атқарып жүр. Әскери бөлімдегі ардагерлер кеңесінің мүшелері жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру жолында аянбай еңбек етіп келеді. Олар, мектеп оқушыларымен өтетін ерлік сабақтарын өткізу, сарбаздармен кездесулер, сұқбаттар, дөңгелек үстелдер, сарбаздардың тәрбие сағатына қатысу сияқты тағы басқа іс-шараларға белсенді қатысады. Сондай-ақ қызмет барысында әскери қызметшілермен өздерінің тәжірибелерін бөлісіп, ақыл кеңестерін береді.
– Біз әскери қызметшілермен және сарбаздармен жұмыс жасаудамыз. Сондай-ақ мектепке барып, оқушылармен сұқбаттасып, ерлік сабақтарын өткізіп тұрамыз. Атқарылып жатқан жұмыстың бәрі оң нәтиже береді деген сенімдемін, – дейді ардагерлер кеңесінің мүшесі Ауған соғысының ардагері Серік Шегіров.
Айта кету керек әскери бөлімнің мәдени демалыс орталығында ардагерлер кеңесінің бөлмесі барлық қажетті заттармен жабдықталған. Онда ардагерлер өз жұмыстарын атқаруда.

Гвардейск гарнизонының баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.