АРДАГЕРЛЕР ЖҰМЫСЫ ЖЕМІСТІ ЖҮРУДЕ

0

Сәрсенбі күні Қордай ауданындық Мәдениет үйінде ардагерлер ұйымдарының қатысуымен кеңейтілген кеңес отырысы өтті. Басқосу барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 1 қыркүйектегі халыққа Жолдауы мен Бурабайда өткен ІV Ұлттық Құрылтайда сөйлеген сөзінен туындайтын міндеттердің орындалу барысы кеңінен талқыланды.

Жиынға облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы Еркімбек Солтыбаев, облыстық ардагерлер ұйымының төрағасының орынбасары, облыстық журналистер одағының төрағасы, «Ғұмыр Дария» облыстық газетінің бас редакторы Жаңабай Миллионов, аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай, аудандық мәслихат төрағасы Нұрдин Садықов, «AMANAT» партиясының аудандық филиалының төрағасы Бейқұт Жамангозов, төралқа мүшелері, ауылдық округ бойынша төрағалар, Билер, Әкелер, Аналар кеңестерінің төрағалары мен төрайымдары, ардагерлер қауымы қатысты.

Алдымен аталмыш тақырып аясында атқарылған жұмыстар турасында ы Біржан Әлімбет баяндама жасады. Ол өз сөзінде қоғамдық өмірге белсенді араласып жүрген қарияларды атап өтіп, көпке үлгі екенін жеткізді. Сонымен қатар, облыстық спартакиадада жақсы өнер көрсеткен ардагерлерді де ерекше атап өтті. Біржан Әбдікерімұлы ел мен ес, ұлт пен ұят, дәстүр мен салт, тәрбие мен тағылым, ынсап пен ысырап туралы әңгіме қозғап, ел ішінде іріткі салып, ауызбіршілік пен ынтымаққа кері әсерін тигізетін, қоғамда қалыптасып отырған кейбір үрдістерге тосқауыл қою, халықты ысырапшылдыққа жол бермеуге үндеу қариялардың міндеті екенін атап өтті.

Содан соң сөз алған Жаңабай Миллионов қазіргі атңда ардагерлер алдында тұрған алғышарттарға кеңінне тоқталды.

Жарыссөзде Ауқатты ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Әділбай Семжанов пен Масаншы ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Рамазан Малиев атқарылған жұмыстары туралы банядама жасады.

Содан кейін сөз алған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркімбек Бейсембекұлы жалпы ардагерлер кеңестерінің жұмыстары жоғары деңгейде, халықтың тұрмысын, әл-ауқатын жақсарту жұмыстары жұмыла жасалып жатқанын, олардың қатарында Қордай ауданының ардагерлері өте белсенді екенін атап өтті.

Аталмыш тақырып аясында аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай мен аудандық мәслихатының төрағасы Нұрдин Садықовқа сөз сөйлеп, қатысушылар ІV Ұлттық Құрылтайда айтылған елдік мәселелерге тоқталып, ардагерлер ұйымдарының осы бағыттар бойынша атқарып жатқан істеріне тоқталды.

Мадина УЗБЕКОВА

Leave A Reply

Your email address will not be published.