1 қазан – Халықаралық қарттар күні қарсаңында және Қазақстанның Ардагерлер ұйымының құрылғанына 37 жыл толуына орай Қордай ауданының ардагерлері арасында аудандық спартакиада өтті.
Спорттық жарысқа ауданның әр ауылдық округінен келген ардагерлер белсенді қатысып, үстел теннисі, дартс, дойбы, қол күресі, шахмат және тоғызқұмалақ сынды спорт түрлерінен бақ сынады.
Бұл спартакиада ардагерлердің спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Спорттық шара ардагерлер үшін қызықты және пайдалы уақыт өткізуге мүмкіндік берді. Жарыс соңында үздік ойын көрсеткендерге арнайы марапат ұсынылды.