АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ – ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ

0

Кеңес әскерлері Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Д.Қонаев атындағы №1 мектеп-гимназиясында «Ауғанның от жалыны» атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу іс-шарасы өткізілді.  Іс-шара өз Ота-нына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету, Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым ету, олардың есімдерін қастерлеуге, оқушыларға патриоттық тәрбие беру мақсатында өткізілді. Кездесу соңында ардагерлер сыйлықтармен марапатталды. Ауған соғысының ардагерлер қауымдастығы тарапынан да мектептің ұжымына алғыс хат табысталды. Іс-шара аудандық көлемде концерттік бағдарламамен басталып, спорттық іс-шарамен аяқталды. Оған 45 жастан жоғары қызметкерлер және Ауған соғысының ардагерлері қатысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.