Құрметті, Қордай ауданының тұрғындары, 2025 жылғы 19 қыркүйекте Қордай ауданының мемлекеттік архивінде жыл сайын ұйымдастырылатын «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясында ашық есік күні өтетінін хабарлаймыз.
«Ашық есік» күні бағдарламасында, «АРХИВТЕГІ БІР КҮН» атты Тәуелсіздік кезіндегі БАҚ-қа жарияланған қызықты мақалалармен танысасыздар, «Жыл шежіресі» көрмесі ұйымдастырылады және аудандық мемлекеттік архивке экскурсия жасай аласыздар. Архив саласына, тарихи архив құжаттарына қызығушылық танытқан аудан тұрғындарын ашық есік күніне шақырамыз.
Өтетін орны: Домалақ ана көшесі №209. Өтетін уақыты: 19.09.2025 ж
сағ.: 11:00. Байланыс нөмері: 8 708 215 52 78, 8 726 362 23 29.