Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары архивтерінің шегінде архивтік анықтамалар және немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру туралы мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.
Архивтік анықтама саяси қуғын сүргін құрбандарына арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алу үшін, шетелге тұрғылықты орналасуға және оңалту мақсатында беріледі.
Комитеттің аумақтық департаменттері қоныс аударушы азаматтардың немесе олардың туыстарының өтініштері негізінде, сондай ақ сенімхат берілген үшінші тұлғалардың өтініштері бойынша облыс аумағында арнайы қоныста болғаны туралы архивтік анықтама береді.
Аумақтық департаменттер берген саяси қуғын сүргінге ұшырау фактісін растайтын архивтік анықтаманың негізінде облыстық прокуратура оңалту туралы анықтама береді.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 18 мамырдағы №64 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға сәйкес, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары архивтерінің шегінде архивтік анықтамалар және немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі реттеледі.
Мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушы электрондық үкімет веб порталы арқылы немесе Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясына Халыққа қызмет көрсету орталығына бару арқылы туыстық дәрежесін растайтын құжаттарды ұсынып өтініш береді.
Анықтаманы үшінші тұлға алатын жағдайда, яғни қызмет алушының мүддесін басқа адам білдірген кезде, нотариалды куәландырылған сенімхат ұсыну қажет.
Анықтаманың дайындалу мерзімі 8 жұмыс күні, ал мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 18 мамырдағы №64 бұйрығына сәйкес, қызмет алушы 1940 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезеңде 16 жасқа толмаған адамға сұрау салған жағдайда, сұрау салынған адамның ата анасының деректерін көрсетуі қажет.
Архивтік анықтамалар тек ақпараттық сипаттағы құжат емес, сонымен қатар азаматтардың құқықтық жағдайын ресми түрде дәлелдейтін маңызды құжат болып табылады.
Г.Дәуқараева, комитеттің Жамбыл облысы бойынша департаментінің қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру
бөлімінің прокуроры