АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР

0

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 26 наурыз 2015 жылғы №165 бұйрығына сәйкес «Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты» бекітілген. Сол бойынша «№7 Қордай аудандық арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы» жоспарға сәйкес, тәулік бойы қызмет алушыларға, стандарттың 7 бағыты бойынша толық көлемде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуде. Соның ішінде, 2-ші бағыт бойынша 4 мейірбике қызмет атқарады.

Әлеуметтік-медициналық қызмет көрсетуге дәрігерге дейін көмек көрсету, тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға жәрдемдесу, алғашқы санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізу жатады. Күніне 2 рет дене қызуы мен қан қысымдары өлшенеді және дәрігердің нұсқауы бойынша дәрі-дәрмектері уақытылы беріледі. Қызмет алушылардың тазалығы мен салауатты өмір салтын ұстануы қадағаланады.
Салауатты өмір салтын ұстану мақсатында таңертеңгілік сауықтыру жаттығуларына 13 қызмет алушы қатысуда.
Сонымен қатар, жыл басынан аудандық орталық ауруханада 4 адам емделіп, уқалау емін 3 қызмет алушы қабылдады. 3 қызмет алушыға квотамен Тараз қаласында көзіне ота жасалды. Барлық қызмет алушыларға короновирус «COVID-19» инфекциясына қарсы екпе егілді.
Жоспар бойынша жылына бір рет аурудың алдын алу мақсатында бір саламен шектелген мамандар: хирург, лор, окулист, терапевт дәрігерлері профилактикалық тексеруден өткізіледі. Жалпысы барлық қызмет алушылар дәрігерлердің 66 қабылдауында болды.
Орталық ғимаратын залалсыздандыру және зарарсыздандыру қызметтеріне келісім шарт құрылып, ай сайын тиісті дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, күнделікті бір сағат уақытқа мекеменің әр-бір бөлмесі кварцталып, желдетіліп тұрады.
Қызмет алушылар дәрі-дәрмекпен толық қамтылған, тиісті медициналық көмекті аудандық емхана мен ауруханадан алады, дәрігерлік және алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуге орталықтың лицензиялары бар.
Сонымен қатар, жоспарға сәйкес қызмет алушылармен ағарту іс-шаралары өткізіледі. Жыл басынан 6 рет әңгіме-кеңес, дөңгелек үстел, семинар, лекция түрінде шаралар өткізілді. Аталмыш шараларда «Омикрон штамы», «Буын ауруларын қалай емдеуге болады?», «Қан тамыры қысымынан қалай сақтану керек және оның алдын алу жолдары қандай?», «Дәрумендер туралы мәлімет», «Жіті ішек инфекцияларының алдын алу — әр адамның міндеті», «Инсульт алдын алу мен алғашқы көмек» атты алуан түрлі тақырыптар қозғалды.

А.САМАҚ,А.ДЖАТКАНБАЕВА,
№7 Қордай аудандық
арнаулы әлеуметтік қызметтер
ұсыну орталығы

Leave A Reply

Your email address will not be published.