Құрметті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер! Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі күзгі дала жұмыстары басталғанын хабарлайды.Осыған орай, 2021 жылғы күзгі дала жұмыстарына аудан бойынша 1950 тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді, бір литр бағасы 170 теңге. Дизель отынын тарату бойынша қызметті «Элемир» мен «Азия Нефтепродукт» ЖШС операторлары атқарады.
Құрметті шаруашылықтар, арзандатылған дизель отынын алу үшін «Qoldau.kz» портал арқылы өтінім беріледі.
Сұрақтар болған жағдайда 4-92-83, 4-92-85 телефон номерлеріне хабарласуға болады.
А.Қаспақбаев, Қордай ауданы әкімдігініңа ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы