АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА ТІЛ ҮЙРЕНЕЙІК

0

Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 28 шілде күні Сортөбе ауылдық округі әкімдігінің қазақ тілі курсының тыңдаушыларының қатысуымен «Әнді сүйсең, менше сүй» тақырыбында «SOILE» клубының ашық аспан астындағы кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында Сурова Алия Исхарқызы Шәмші Қалдаяқовтың әнін орындап, тыңдаушыларды тамсандырды. Тыңдаушылар Шәмші Қалдаяқовтың қазақша әндерін караокемен орындады. Өздерінің тіл байлықтарын көрсетіп, қазақ тілінде қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беріп, өз ойларын толық жеткізе алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.