АШЫҚ ДИАЛОГ АЛАҢЫ

0

Қордай ауданында тұрғындар мен жергілікті билік арасындағы тікелей байланыс нығаюда. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында Қордай ауданының әкімі Бегзат Болатбеков азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдау барысында ауданның 12 тұрғыны өздерін толғандырған өзекті мәселелер мен ұсыныстарын ортаға салды. Атап айтқанда, шағын және орта бизнесті қолдау, тұрғын үймен қамтамасыз ету, жер учаскелерін заңдастыру, жұмыссыздықты азайту, ауылдық инфрақұрылымды дамыту, жол, жарық, ауызсу сияқты әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер көтерілді.

Аудан әкімі әрбір азаматтың өтініші назардан тыс қалмайтынын айтып, барлық мәселе қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қарастырылатынын және олардың орындалуы өз бақылауында болатынын атап өтті.

Қабылдау қорытындысы бойынша ауылдық округ әкімдеріне және салалық бөлім басшыларына көтерілген мәселелерді жан-жақты зерделеп, заң шеңберінде нақты шаралар қабылдау жөнінде тапсырмалар берілді.

Айта кетейік, Қордай ауданының әкімі азаматтарды жеке қабылдауды алдын ала жазылу арқылы тұрақты түрде өткізеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.