АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫНЫҢ ПЛЕНАРЛЫҚ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

0

«Астана халықаралық форумына қош келдіңіздер! Мұнда барлық құрлықтан достарымыз бен әріптестеріміз, сондай-ақ үкіметтердің, дипломатия, бизнес және ғылыми топтардың өкілдері жиналып отыр», деді Мемлекет басшысы.

 Сондай-ақ Президент аса қадірлі қонақтарымыз – Қатар Әміріне, Қырғызстан Президентіне, Босния және Герцеговина Президиумының Төрағасына, Өзбекстан Премьер-министріне және форумның басқа да құрметті қатысушыларына шынайы ризашылығын білдірді.

«Сіздердің осы жиынға арнайы келуге шешім қабылдап, форум жұмысына қатысқандарыңыз – біз үшін үлкен мәртебе. Жиын барысында жаһандық экономикалық және аймақтық ынтымақтастық мәселелерінің қазіргі жай-күйі жөнінде табысты пікір алмасамыз деп сенеміз», деп ниетін білдірді Қ.Тоқаев.

Астанада Президенттің қатысуымен халықаралық форум басталды. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл форумның негізгі миссиясына тоқталып, оның маңызын айтты.

Президент Астана халықаралық форумының негізгі миссиясын атады:

Бірінші, әлемдегі жағдайды ашық талқылау;

Екінші, алдымызда тұрған негізгі сын-қатерлер мен дағдарысты айқындау;

Үшінші, осы сын-қатерлерге өзара ынтымақтастық рухында диалог арқылы қарсы тұру;

Төртінші, көпжақты қатынастардың ортақ мәдениетін жаңарту және қалпына келтіру;

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.