Ата – аналарға ескерту

0

Қордай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері алдағы келе жатқан мейрам және қысқы мезгіл демалыс қарсаңында өтетін Жаңа жылдық іс-шаралар барысында қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұраймыз.

Атап айтқанда, кәмелеттік жасқа толмаған балалардың пиротехникалық жарылғыш заттарды қолданбау және сатып ал-мау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажет. Қолданған жағдайда  пиротехникалық жарылғыш заттардың қауіпті екендігін және денсаулыққа зиян келтіретіндігін ескертеміз. Сондай-ақ ҚР ӘҚБтК 196 бабы 1 бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығын назарла-рыңызға саламыз.

Сонымен қатар, кәмелеттік жасқа толмаған балаларыңызды заңды өкілдерінсіз, үй жайдан тыс жерлерге және ойын сауық орындарына  жібермеулеріңізді сұраймыз. Осы тектес жағдайлар орын алған жағдайда   ҚР ӘҚБтК 442 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығын ескертеміз.

Ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты, кәмелеттік жасқа толмаған балалармен алыс жолдарға шықпауларыңызды,  сонымен қатар, 2-ші аусымда оқитын балаларды, мүмкіндігінше  мектептен алып  кету және жол ережелерін сақтауға шақырамыз. Кәмелеттік жасқа толмаған балалармен орын алатын жол көлік оқиғаларының көбеюіне байланысты, оларға көлікті , көліктің кілтін бермеулеріңізді сұраймыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.