Бейсенбі күні Қордай аудандық «AMANAT» партиясы филиалының мәжіліс залында 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Ата заңы, Конституциясы күні мерекесіне орай арнайы жиын өтті.
Шараға партияның аудандық филиалының төрағасы Бейқұт Жамангозов және Қордай ауданының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген мемлекеттік қызметшілер қатысты.
Басқосу шымылдығын ашқан Бейқұт Тлебалдыұлы, Ата заңның маңыздылығына тоқталды.
«Конституция — бұл біздің мемлекеттілігіміздің негізі, ұлттық бірлігіміздің кепілі. Оны құрметтеу әрбір азаматтың парызы. Баршаңызды Ата Заңымыз – Конституция күнімен шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, еңбекте табыс, отбасыларыңызға бақыт тілеймін. Ата Заңымызды сақтау арқылы ғана біз жастарға жарқын болашақ, ал елімізге — даму мен гүлдену әкеле аламыз», — деп атап өтті.
Конституция күні мерекесі аясында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан, қоғамдық қызметтерімен көзге түскен бірқатар азамат партия филиалының Алғыс хаттарымен марапатталды. Марапат алғандар қатарында: Б.Ыбышева, Ғ.Сейдекеш, С.Чарипбекова, А.Ырғабай, Б.Болатұлы болды.