АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АЯҚТАЛҒАНЫНА – 37 ЖЫЛ

0

Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуына 37 жыл толып отыр. Сол бір қанды-қасап соғысқа аттанған боздақтардың қатарында біздің жерлестеріміз де болды. Олар жауынгерлік міндеттерін адал атқарып, ерлік пен батылдықтың жарқын үлгісін көрсетті.

Осы атаулы датаға орай Қордай ауылының орталық алаңында орналасқан Ауған соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш жанында дәстүрлі жиын өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, тұрғындар мен жастар және Ауған соғысының ардагерлері қатысты.

Жиналған қауым бір минут үнсіздік жариялап, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Майдан даласында қаза тапқан боздақтар еске алынып, көпшілік естелік суретке түсті.

Ауған жеріне Қордай ауданынан жүздеген жас аттанып, олардың бірқатары туған елге оралмады. Бүгінде сол соғыстың ардагерлері қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, қарулас достарын әрдайым құрметпен еске алады. Аудан басшылығы тарапынан да оларды қолдау мен қорғау мәселесіне жыл сайын ерекше көңіл бөлініп келеді.

Айта кетсек, Қазақстаннан Ауған соғысына шамамен 22 000-нан астам адам қатысқан, 924-і қаза тапқан.

Leave A Reply

Your email address will not be published.