2023 жылғы 19 шілдеде Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Ауқатты ауылдық округі әкіміне кандидаттармен кездесу өткізді. Кездесуде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 Конституциялық Заңының 27, 28, 29, 31, 32, 33, 34 баптарына түсініктеме берілді. Үгіт-насихат іс-шаралары, оның ішінде әлеуметтік желілердегі үгіт-насихат қолданыстағы заңнамаға қатаң сәйкес жүргізілуі тиіс. Мемлекет кандидаттарға сайлау алдындағы үгітті жүргізу үшін сөз сөйлеуге және баспа материалдарын дайындауға тең қаражат бөлуге кепілдік беретіні айтылды. Сонымен қатар, үгіт-насихат кезеңінде және сайлау күні сенім білдірілген адамдардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.
Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы